Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 389.62
EUR 429.98
RUB 6.06
CNY 55.08

Қазақстанның үш облысында дауыл соғады

2019 жылдың 5 наурыз 2019 19:06

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның үш облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

6 наурыз күні Батыс Қазақстан облысының кей жерлеріне тұман түсіп, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады, жел оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Орал қаласында 6 наурыз күні тұман түсіп, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады, жел оңтүстік-батыстан 17 м/с жылдамдықпен соғады.

Бұдан тыс, Қызылорда облысының кей жерлеріне 6-8 наурыз күндері тұман түседі.

6-7 наурыз күндері Атырау облысының кей жерлеріне тұман түсуі мүмкін.

Ақтөбе облысының кей жерлеріне тұман түсуі ықтимал. Күндіз облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын болады, оңтүстіктен соққан желдің екпіні секундына 15 метрге дейін жетеді. Ақтөбеде жел оңтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15 м/с-қа жетуі мүмкін, тұман түседі.

6-9 наурыз күндері Алматы облысында, Алматы қаласына жақын аумақтарда және Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде күннің жылынуына байланысты қар еріп, сең жүруі мүмкін, өзендердегі су деңгейі көтерілуі ықтимал.

Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Жоғары қарай