Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 385.55
EUR 426.57
RUB 6.05
CNY 54.77

Қазақстанның үздік десантшылары анықталды

2019 жылдың 27 қазан 2019 03:11

НҰР-СҰЛТАН, ҚазАқпарат - 2019 жылдың тексеру қорытындысы бойынша Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери бөлімдерінде үздік мерзімді әскери қызметшілер анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Абубакиров Қаныш Асанханұлының бастамасы бойынша Талдықорған, Сарыөзек Қапшағай және Алматы гарнизондарынан саны 100-ден аса сарбаз Алматы қаласының көрікті жерлерінде болу мүмкіндігіне ие болды.

Сарбаздар Алматы қаласының Орталық мұражайында және 28-ші панфиловшылар паркінде болды.

«Тарихты білмей болашақты бағдарлау мүмкін емес дейді ғой, сондықтан біз бүгін киелі бабаларымыздың жүріп өткен жолымен тереңірек танысудамыз. Бізге осындай қуанышты күнді сыйлаған қолбасшы мырзаға алғысымыз шексіз», - дейді қатардағы Батырбай Еламан.

Жауынгерлік, мемлекеттік-құқықтық дайындықтан, әскери тәртібімен үздік деп танылған сарбаздардың ата-аналары генерал-майор Қаныш Асанханұлының қолынан алғыс хаттармен марапатталды. Олардың ішінде, үздік жүргізуші-механик, үздік атқыш, көздеуші-оператор, спортшы сарбаздар бар.

«Сіздер – болашақ отан қорғаушылар, үздік десантшыларсыздар! Өздеріңізге жүктелген міндетті абыроймен атқарып жатсыздар. Сіздерге қарап елдің ертеңіне үлкен сеніммен қарауға болады. Бүгінгі күнгі жасалған мерекені сіздердің қызметтеріңізге деген алғысымыз деп білерсіздер. Алдағы уақытта осы тектес іс-шараны жиі өткізіп тұратын боламыз», - дейді Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы Қаныш Асанханұлы.

Жоғары қарай