Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 388.70
EUR 428.70
RUB 6.08
CNY 55.46

Қазақтелеком басшысы елімізде киберспорт үшін жақсы жағдай жасамақ

2019 жылдың 1 қазан 2019 13:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазақтелеком» АҚ басқармасының төрағасы Қуанышбек Есекеев елімізде киберспортты дамыту үшін қолайлы жағдай жасауға уәде берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл белгілі проблема. CS орналастырылған Valvo-ның нақты сервері Стокгольмде. Сондықтан ойыншыларымызға елімізде отырып серверде онлайн ойын ойнау қиындау. Қазіргі уақытта ойыншыларымыз үшін кідірістің ең төмен деңгейін беру үшін ашық арнаны тестілеп жатырмыз. Әзірше бұл проблема нақты шешілмеген. Сондықтан киберспорты командаларының негізгі бөлігі Киевте жаттығады. Келесі жылы техникалық сипаттамамыз жақсаратын болса, онда барлық командаларды осы жаққа көшіру жоспарланып отыр», - деді ол бүгін Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, бұл тек Қазақтелеком компаниясына ғана емес серверлерге де байланысты жайт.

«Мәселен, Warface біздің серверлерімізді орналастырған және онда еш проблема жоқ. Дегенмен, кейбір ойын өндірушілер серверлерін осы жерге әкелуге дайын емес. Сондықтан қажетті серверлерге баратын арналарды қарастырып жатырмыз. Бірақ, бұл CS пен Dota 2-ге қатысты», - деді Қуанышбек Есекеев.

Жоғары қарай