Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 384.87
EUR 432.52
RUB 6.11
CNY 55.95

«Қазақтың Моцарты» Санта Чечилия академиясының ең жас түлегі атанды

2019 жылдың 22 маусым 2019 21:28 850

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазақтың Моцарты», жас композитор Рахат-Би Әбдісағин Италиядағы Санта Чечилия академиясының докторантурасын тәмамдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Санта Чечилия академиясы - Италиядағы ең ежелгі музыка мекемелерінің бірі. 1585 жылы Римде конгрегация ретінде негізі қаланған, ал 1838 жылы академия болып қайта құрылған. Оның мүшелерінің қатарында К.Монтеверди, Дж.Фрескобальди, Дж.Кариссими, Л.Керубини, Н.Паганини, Дж.Россини, Г.Доницетти, Дж.Верди, Дж.Пуччини, А.Тосканини секілді ұлы композиторлар бар. Ал академияның құрметті мүшелері - Р. Вагнер, Ф. Лист, Ф. Мендельсон, К. Дебюсси, М. Равель, К. Сен-Санс, Дж. Энеску, П. Хиндемит, А. Онеггер, Ф. Пуленк, Б. Бриттен, И. Ф. Стравинский, А. К. Глазунов, С. В. Рахманинов, С. С.Прокофьев, Д. Д. Шостакович, А. И. Хачатурян, Д. Ф. Ойстрах және басқалар.

Бұл оқу орнына түсу үшін жыл сайын бүкіл әлемнен жүздеген композиторлар бақ сынайды. Дегенмен, соның ішіндегі ең үздіктері ғана оқуға қабылданады. Рахат-Би Әбдісағин 2017 жылы академияға қабылданған таңдаулы 5 шәкірттің бірі болды, міне, енді арада екі жыл өткенде оқу орнының тарихындағы ең жас түлек атанып отыр. 



null

Академияны бітіру сынағында Рахат-Би өзінің 11 орындаушыға арнап жазылған «Ombre del Vuoto» («Үмітсіздік көлеңкесі») атты туындысын ұсынды. «Үмітсіздік көлеңкесі» - симфониялық оркестрдің барлық тобы қамтылған симфонияның бір түрі. 

Еске сала кетейік, Рахат-Би Әбдісағин - композитор және пианист, өнертану ғылымының магистрі, жүзден астам классикалық шығарманың авторы. «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты және «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы. 



null 

 

Автор Жанат Қапалбаева
Басты сөздер: Өнер, Мәдениет, Еуропа,
Жоғары қарай