Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Қазалыда полиция заңсыз ойын бизнесіне байланысты қылмыстық істі жасырған

2019 жылдың 3 қыркүйек 2019 21:39

ҚАЗАЛЫ. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Қазалы ауданында заңсыз ойын бизнесін жүргізген азаматқа қатысты қылмыстық іс полиция тарапынан жасырылған. Бұл оқиға Қазалы аудандық прокуратурасы тарапынан анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудандық полиция бөлімі заңсыз ойын бизнесі арқылы жеңіл жолмен ақша тапқан жергілікті тұрғынды қолға түсірді. Оқиға орнын тексеру барысында заттай дәлел ретінде ойын бизнесіне арналған құрал-жабдықтар тәркіленді. Дегенмен аудандық ішкі істер бөлімі тарапынан құқық бұзушылыққа жол берілген. Онда сотқа дейінгі тергеп-тексеруге тіркелмей, қылмыс жасырылған. Аудандық прокуратура тарапынан қолға алынған жұмыстар нәтижесінде бұл қылмыс ҚР Қылмыстық Кодексінің 307-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізіліміне тіркелді. Қылмыстық іс Қызылорда облыстық мемлекеттік кірістер департаментіне жолданды.

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесі анықталды. Қылмыстық іс бойынша Қазалы аудандық соты үкім шығарды. Жазаға тартылған тұрғынға 600 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Қазалы аудандық прокуратурасы аудан көлемінде заңсыз ойын бизнесінің жолын кесу және алдын алу мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылды. Прокуратураның бастамасымен жүргізілген шаралар нәтижесінде заңсыз ойын бизнесіне қатысты 8 қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жолданып, сот үкімімен кінәлілер тиісті жазасын алды», - деп мәлім етті Қазалы аудандық прокуратурасы.

Бұдан бұрын Қызылордада заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған екі жігіт сотталғанын хабарлаған едік.


Жоғары қарай