Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 376.72
EUR 408.67
RUB 5.76
CNY 53.68

Қазавтожол: Ауа райының қолайсыздығына байланысты 5421 шақырым жол жабылды

2020 жылдың 28 қаңтар 2020 10:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауа райының қолайсыздығына байланысты 44 учаскеде ұзындығы 5421 шақырым жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Қазавтожол» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ауа райының қолайсыздығына байланысты 44 учаскеде ұзындығы 5421 шақырым жолдың қозғалысына уақытша шектеу қойылды. Бұл еліміздегі республикалық маңызы бар автожолдардың 21,7 пайызын құрайды. Жалпы, жол қозғалысы 12 облыста жабық. Оның ішінде ең көп жабылған жол учаскелері – Ақмола мен Қарағанды облыстарына қарасты», - деп хабарлайды «Қазавтожол» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің басшысы Маржан Ордабай.

Жол қоғзалысына шектеу қойылған ең ұзын бөлік – Екатеринбург-Алматы тасжолы. Қазір жолдағы қар күреу жұмыстарына 840 арнайы техника жұмылдырылған.

Айта кетсек, бұған дейін ҚР Ішкі істер министрлігі Ақкөлден Нұр-Сұлтанға осы уақытқа дейін жолдың ашылуын күткен 150 көлік келе жатқанын хабарлаған еді.



Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Қоғам, Ауа райы,
Жоғары қарай

Warning: file_put_contents(): Only 0 of 15740 bytes written, possibly out of free disk space in /home/admin/web/lenta.inform.kz/public_html/system/classes/Kohana/Core.php on line 920