Ауа райы
Астана -26 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 387.16
EUR 428.47
RUB 6.08
CNY 55.13

ҚАЖ комитетінің жемқорлыққа ең қатты батқан мекемесі аталды

2019 жылдың 26 қыркүйек 2019 15:11

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірінші департаментінің тергеушісі Қайсар Баржақсынов қылмыстық-атқару жүйесінде қарасты жемқорлыққа ең қатты батқан мекемені атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еңбек» республикалық мемлекеттік мекемесі сотталғандардың жұмыспен қамтылуына, материалдық-техникалық жабдықталуына жауапты болғанымен, өзіне жүктелген міндетті орындай алмай, ҚАЖ саласындағы жемқорлыққа ең қатты батқан мекемеге айналып отыр», - деді Қайсар Баржақсынов Агенттікте өткен брифинг барысында.

Тергеушінің айтуына қарағанда, соңғы үш жылда «Еңбек» РМК-ның лауазымды адамдарына қатысты 30 қылмыс тіркелген.

«Сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша сотталған қылмыстық атқару жүйесіне қарасты мекеме басшыларының ішінде Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша мекеме басшысы Қасымбековті (5,9 млн теңге айыппұлға іліккен), Астана қаласы бойынша мекеме бастығы Әбен мен оның орынбасарын (Әбен 3 жылға сотталған, Мұсаев 2 жылға бас бостандығынан айырылған), Алматы облысы бойынша Жамбыловты атап өтуге болады», - деді ол.

Жоғары қарай