Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 386.30
EUR 428.14
RUB 6.08
CNY 54.87

Қазіргі бессайыстан Азия біріншілігі: Қазақстандықтар «қола» алды

2019 жылдың 12 қараша 2019 23:43

УХАНЬ. ҚазАқпарат - Қазіргі бессайыстан Қытайдың Ухань қаласында өтіп жатқан лицензиялық Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар алғашқы жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің ақпаратына сәйкес, Павел Ильяшенко, Владислав Сухарев және Владислав Мищенко үштігі 4284 ұпаймен Азия біріншілігінің қола медалін иеленді. Алтын жүлдені Оңтүстік Корея (4416), күмісті Қытай (4407) спортшылары алды.

Айта кетейік, жекелей сында төртінші орыннан көрінген Павел Ильяшенко 2020 жылғы Токио Олимпиадасына жолдама алған болатын.

Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай