Ауа райы
Астана -20 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 387.37
EUR 428.55
RUB 6.06
CNY 55.06

Kazsport арнасы футболдан Қазақстан чемпионатын көрсетеді

2019 жылдың 5 қазан 2019 15:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Kazsport« телеарнасы екі жылдық үзілістен кейін футболдан Қазақстан чемпионатын трансляциялайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді.

»Қымбатты достар! «Kazsport» телеарнасының екі жылдық үзілістен кейін футболдан Қазақстан чемпионаты матчтарын көрсететінін қуанышпен хабарлаймын. Біздің министрліктің көмегімен телеарна Қазақстанның кәсіби футбол лигасымен уағдаластық жасады«, - деп жазды министр өзінің Facebook парақшасында.

Бүгін 17:00-де тікелей эфирде »Қайрат« және »Ақтөбе« клубтарының ойыны көрсетіледі.

»Чемпионат аяқталып келеді және әрбір кездесу жүлде тағдырына ықпал етеді. Сондықтан, әрбір кезеңде тартысты ойын тамашалайтынымызға сенімдімін«, - деді министр.

Жоғары қарай