Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 379.75
EUR 415.18
RUB 5.78
CNY 54.19

«ҚазТрансОйл» тұтынушыларға 1 млрд теңге қайтаруға мәжбүр болды

2019 жылдың 7 маусым 2019 15:14

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті «ҚазТрансОйл» АҚ-ның табиғи монополиялар туралы заңнаманы сақтауына тексеру жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған комитет мәліметінше, тексеру нәтижесінде «ҚазТрансОйл» АҚ-ның әрекеттерінде табиғи монополиялар туралы заңнаманы, атап айтқанда «Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңының 7-бабының 7-2) және 18) тармақшаларында белгіленген нормаларды бұзу фактілері белгілі болды. «ҚазТрансОйл» АҚ-ның жалпы сомасы 1 041 133 640 теңгені құрайтын 2014, 2016, 2017 жылдарға арналған тарифтік сметаны және 2014 жылға арналған инвестициялық бағдарламаны орындау бойынша міндеттерін атқармағаны анықталған.

«Осыған байланысты комитет 1 041 133 640 теңге сомасына суды магистральдық құбыр жолдары бойынша беру жөніндегі қызмет бойынша негізсіз алынған кірісті тұтынушыларға қайтару туралы бұйрық шығарды. Сонымен бірге, Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөлімінен суды магистральдық құбыр жолдары арқылы беру жөніндегі қызметі жөніндегі тізілімнен «ҚазТрансОйл» АҚ-ның шығарылуына байланысты аталған компания негізсіз кірісті тұтынушыларға тікелей қайтарды», - деп атап өтеді комитеттен.

Сондай-ақ, табиғи монополиялар туралы заңнаманың жоғарыда аталған нормаларын бұзғаны үшін «ҚазТрансОйл» АҚ «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 164-бабында көзделген жалпы сомасы 293 миллион теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұл толықтай төленді.

Жоғары қарай