Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

Қазыбек би ауданына жаңа әкім тағайындалды

2020 жылдың 11 қаңтар 2020 18:24

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Рыстин Нұрлан Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Нұрлан Болатұлы 1983 жылы дүниеге келген, 2 жоғары білімі бар. 2004 жылы Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, 2018 жылы Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетін тәмамдады. «Саясаттану оқытушысы» және «Жергілікті мемлекеттік басқару» мамандықтары бойынша білім алды. Мемлекеттік қызметте 15 жылдан астам жұмыс жасайды.
Еңбек жолын 2004 жылы Қарағанды облысы ішкі саясат департаментінің бас маманы ретінде бастады. 2006 жылдан Қарағанды облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің бас маман-инспекторы болды.
2008 жылы Қарағанды қаласы ішкі саясат бөлімінің бастығы болып тағайындалды. 2010 жылдан бастап Қарағанды облысы әкімі аппаратының әлеуметтік сала және ішкі саясат секторының меңгерушісі болды.
2011 жылы Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары және 2014 жылдан бастап Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасын басқарды.


Жоғары қарай