Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 383.95
EUR 429.26
RUB 6.16
CNY 55.02

Келесте 3 мыңнан аса бала мектеп табалдырығын алғаш рет аттады

2019 жылдың 1 қыркүйек 2019 13:42

КЕЛЕС. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Келес ауданындағы мектептерде 1 қыркүйек - Білім күніне орай алғашқы қоңырау соғылды. Аудан әкімі Ақментай Есбаев Қошқарата ауылдық округіндегі №2 орта мектебіндегі салтанатты жиынға қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әнұранмен ашылған алғашқы қоңырау салтанатында аудан басшысы барлық оқушыларға, мектеп табалдырығын алғаш аттаған балғындарға жылы лебізін арнады. Ол жеткіншектердің жақсы білім мен тәрбие алуына тілектестік білдірді. Бұл күні, сондай-ақ, ардагер ұстаздар мен ата-аналар атынан білім саласының ардагерлері мерекелік лебізін жеткізді.

Жаңа оқу жылындағы құттықтаулардан кейін егемен елдің болашақ ұрпақтары өлең шумақтарын оқыды. Оларға мектеп бітіруші түлектері қанаттарының талмауын тілеп, сыйлықтарын табыс етті. Салтанатты шарада сондай-ақ, мектеп өнерпаздары ән шырқап, алғашқы қоңырау соғылды. Барша оқушылар алғашқы сабақтарына қатысты.

Аудан әкімі Ақментай Есбаев мектеп қабырғасына алғаш келген бірінші сынып оқушыларының алғашқы сабағына қатысып, бүлдіршіндерге сәттілік тіледі. Білім ордасының тәжірибелі ұстаздары мен білікті мамандары оқушыларды осылайша сабақтарын бастап кетті.

Айта кетейік, жалпы Келес ауданында биыл 3345 бала мектеп табалдырығын алғаш рет аттады.

Жоғары қарай