Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 384.87
EUR 432.52
RUB 6.11
CNY 55.95

Кемеңгерліктің 30 жылындағы бір жетістік - шұғылалы Нұр-Сұлтан

2019 жылдың 21 маусым 2019 22:33 693

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Тәуелсіз Қазақстанның тарихында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың алар орны айрықша. Елбасының ерен еңбегінің бірі - шұғылалы Нұр-Сұлтан қаласын айтуға болады. Осындай ойымен ҚР Жоғарғы Кеңесінің бұрынғы депутаты Зәуре Қадырова бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Зәуре Қадырова 1990-1995 жылдары ҚР Әлеуметтік қамсыздандыру және  әлеуметтік қорғау министрі, Парламент Мәжілісінің бірнеше шақырылым депутаты болған. Ол Қазақстан алғаш тәуелсіздік алған қиын-қыстау заманнан бастап Тұңғыш Президентпен  бірге ел ахуалын жақсарту сапында қызмет екенін де мақтан тұтады.

«Әлбетте 30 жыл адамзат үшін тарихтың бір сәті сияқты. Бірақ Қазақстан үшін 30 жыл үлкен өзгеріс әкелді. Мен осы уақытқа дейін көп оң өзгерістердің куәсі болып келемін. Ең басты Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанды құрудағы  еңбегін айтсам болады. Мен тәуелсіз Қазақстанның бірінші Әлеуметтік қорғау министрі болдым. Сол жылдары халықтың ахуалы өте қиын еді. Зейнеткерлерге зейнетақының өзі үлкен қиындықпен берілетін. Қазір 30 жылдан соң, ондай жағдай болмағандай, Аллаға шүкір халықтың жағдайы жақсы. Екіншіден, жай ғана баяғы ескі-тың игерушілер қалашығы болған Целиноградтың әлемге әйгілі астанаға айналуының өзін айтсаңызшы. Бұл трансформацияны бүкіл әлем бақылады. Бұғырны Целиноград қаласы жай ғана ортанқол қаланың бірі болатын. Тәуелсіздік жылдарында тіпті құлдырап кетіп еді. Қазір ол Еуразия жүрегіне айналды. Бүгінгі кездесуде ҚР Тұңғыш Президентінің  Қазақстанның дамуына қосқан 30 жыл еңбегі айтылды. Менің ойымшша, бұл тақырып әлі талай кітапқа ғана емес ғылыми зерттеулерге де азық болары анық», - деді Қадырова Зәуре.

 

 

 

Жоғары қарай