Ауа райы
Нұр-Сұлтан 27 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
CNY 55.00

Кең кабинеттен бас тартқан аудандық әкімдік 32 млн теңге үнемдеді

2019 жылдың 14 наурыз 2019 20:07 839

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» жобасында атқарылған жұмыстарды баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекеттік органдар мен ұйымдарда клиентке бағытталған орта құру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Барлық өңірде мемлекеттік мекеме басшылары бірінші қабатқа шыны әйнекпен қоршалған кабинеттерге көшіріліп жатыр. Кедергісіз фронт-кеңселер, бэк-кеңселер және open-space жұмыс орындары ашылуда. Тікелей мағынасында мемлекеттік қызметшілер мен азаматтар арасындағы қашықтық азайып келеді», - деді ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюрода өткен брифингте. 

О. Бектенов заманауи ашық форматқа ауысқан елордалық Сарыарқа ауданы әкімдігінің тәжірибесін мысалға келтірді.

«Қабырғаларды сүріп, кең кабинеттерден бас тарту арқылы ауқымды кеңістік үнемделді. Қызметкерлердің арасын шыны әйнектер ғана бөліп тұр. Әкім бірінші қабаттағы 17 шаршы метрлік кабинетке көшірілді. Кез келген тұрғын қабылдау бөлімінде бөгелместен, әкім бөлмесіне тіке кіре алады.  Ғимараттың мың шаршы метрден асатын екінші қабаты түгел босатылды. Осылайша, жалға алу құны бойынша бір жылда 32 млн теңге үнемделді», - деді орынбасар.

Оның айтуынша, республикада 100-ден астам мемлекеттік мекемелер дәл осындай өзгерістерден өтті. Сонымен бірге, мектеп директорлары кең кабинеттерін оқушыларға беріп, кіреберіске ауысады.

 

 

 

Жоғары қарай