Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 411.54
EUR 458.13
RUB 5.84
CNY 57.64

Кентау қаласының әкімі құрылыс жұмыстары мен жолдардың жөнделу барысымен танысты

2020 жылдың 5 сәуір 2020 19:27

КЕНТАУ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Кентау қаласының әкімі Даурен Махажанов қаладағы құрылысы қарқын алған жұмыстардың барысын аралап, елдегі төтенше жағдайға қатысты талаптар мен сақтық шараларының қатаң сақталуын тексерді. Жолдардың жөнделу барысымен танысып, жұмысшылармен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала басшысы қаладағы көп қабатты тұрғын үйлердің аумағындағы салынып жатқан жолдар, салынатын көлік тұрағы мен ойын алаңшалардың жобасымен танысты. Барлық жұмысшыларға іс барысында тиісті сақтық шараларын қатаң түрде сақтап жүру туралы талап қойылғанын жеткізді.

«Қалаға ең қажетті, тұрғындар жайлы тыныстайтын орындар мен балаларға замануи ойын алаңшалар орнатуымыз қажет. Салауатты өмір салтын ұстануға бейімдейтін спорт алаңдарын көбейту керекпіз»,- деді .

Қала басшысы жүзеге асатын құрылыс жұмыстарының сапалы әрі уақытында атқарылуы керектігін ескертті. Қаладағы әрбір құрылыс жұмыстары оның үнемі назарында болатынын ескертті. Айта кетейік, Кентау қаласында 2020 жылы 44 көпқабатты тұрғын үйлердің ішкі жолдарын толықтай құрылыстан өткізу жоспарланған. Сондай-ақ, спорт алаңшалары мен заманауи ойын алаңшалар мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында орнату қарастырылған. Болашақта кенді қаланың әрбір көшесі тегіс жолдар мен гүлденген гүлзарларға, замануи ойын алаңшалармен қамтылмақ.


Жоғары қарай