Ауа райы
Астана -20 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 387.37
EUR 428.55
RUB 6.06
CNY 55.06

Кепілдендірілген әлеуметтік топтама неліктен 1 жасқа толмаған балаға берілмейді - Нұрымбетов жауабы

2019 жылдың 7 қазан 2019 15:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов кепілдендірілген әлеуметтік топтама неліктен 1 жасқа толмаған балаға берілмейтіндігін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта елімізде заңға сәйкес баланың 1 жасқа дейінгі күтініміне қатысты арнайы жәрдемақы бар. Ол жәрдемақының мөлшері жұмыс істемейтін әйелдерге бірінші баладан 14 500 теңгеден бастап төртінші балаға дейін 22 500 теңге дейін ай сайын төленеді. Сондықтан осы жағдай ескеріліп отыр»,- деді министр.

Оның атап өтуінше, жұмыс істейтін аналар мемлекеттік сақтандыру қорынан жалақысының 40 пайызы мөлшерінде, орташа есеппен 33 мың теңге көлемінде баласы 1 жасқа толғанға дейін жәрдемақы алып отырады.

Бүгін Үкімет отырысында Біржан Нұрымбетов мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы заңға табысы аз отбасындағы балаларға кепілді әлеуметтік топтама енгізілетіндігін айтқан болатын.

Жоғары қарай