Ауа райы
Нұр-Сұлтан 5 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

КХДР тұрғындары ағаш егу мерекесін атап өтті.

2019 жылдың 3 наурыз 2019 12:38 992

АСТАНА. ҚазАқпарат - Корей Халықтық-Демократиялық Республикасының тұрғындары сенбі күні «Сиксуджоль» (корей тілінен аударғанда ағаш отырғызу деген мағына білдіреді) ұлттық мерекесін атап өтті. Бұл туралы Кореяның Орталық телеграф агенттігі хабарлайды.

Көшет отырғызу рәсімі елде кең көлемде ұйымдастырылды. Оған ондаған мың адам қатысты. Мереке барысында 2,8 млн ағаш егілді.

1946 жылдан бері Солтүстік Кореяда жаппай ағаш отырғызу шаралары дәстүрлі түрде өткізіледі. Ғалымдардың атап өтуінше, жүздеген мың ағаш егу экологияны жақсартып, құмды дауылдарды азайтады.

 

 

Басты сөздер: Әлем, Экология,
Жоғары қарай