Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

ҚХЛ-2020 жұлдыздар матчының өтетін орны белгілі болды

2019 жылдың 27 наурыз 2019 23:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) жұлдыздарының матчы өтетін орны белгілі болды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Лиганың директорлар кеңесінің мүшесі Александр Медведевтің айтуынша, матч 18-19 қаңтар күндері Санкт-Петербургте өтеді.

Айта кетейік, 2017 жылдан бері КХЛ жұлдыздарының матчы төрт дивизионның ең мықты өкілдері арасындағы турнир түрінде өтіп келеді. Жұлдыздардың соңғы матчы Қазан қаласында өтті, ал оның жеңімпаздары Чернышев дивизионының хоккейшілері болды, олардың қатарында «Барыс» ойыншылары Даррен Диц пен Роман Старченко болған еді.

2018 жылғы жұлдыздар матчын Қазақстан астанасы қабылдап алған болатын.

Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай