Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 389.34
EUR 428.78
RUB 6.05
CNY 55.45

ҚХЛ: «Барыс» қарсыласын буллиттен жеңді

2019 жылдың 23 қазан 2019 00:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елордалық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті кездесуінде сырт айдында Беларусьтің «Динамо» (Минск) командасымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Барыстың» бүгінгі қарсыласы ала-құла ойынымен көзге түсіп келеді. Нәтижесінде турнир кестесінде 18 ойыннан кейін 15 ұпаймен 22 орында. Ал «Барыс» 18 ойыннан кейін 26 ұпаймен бесінші орында тұр.

Осыған қарамастан бүгінгі кездесу тартысты өтті деуге болады. Бірінші кезеңде есеп ашатын бірнеше мүмкіндік бар еді. Дегенмен екі команда да оны қолдан шығарып алды.

Айдын иелері сапынан 33-минутта Франсис Паре өз командасын алға шығарды. Бұл есеп 39-минутта өзгерді. «Барыс» хоккейшісі Егор Петухов таразы басын теңестірді. Кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды. Ойын овертаймға ұласты. Овертаймда да жеңімпаз анықталған жоқ. Буллит сериясында «Барыс» жеңіске жетті.

Бұдан бұрын «Барыс» ресейлік «Витязь» командасынан басым түсті

Енді «Барыс» алдағы екі ойынды сырт айдында өткізеді. Алдымен 24 қазанда Ресейдің «Локомотив» (Ярославль), 26 қазанда «Ак Барс» (Қазан) командаларымен шеберлік байқасады. Одан кейін 29 қазанда елордада Ресейдің «Металлург» (Магнитогорск) командасын қабылдайды.




Фото: www.hcbarys.kz

Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай