Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

ҚХЛ: «Барыс» овертаймда «Локомотивтен» басым түсті

2020 жылдың 12 қаңтар 2020 19:58

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елордалық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті кездесуінде Ресейдің «Локомотив» (Ярославль) командасын қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Локомотив» - елордалық клуб үшін қолайсыз қарсыластың бірі. Бүгінгі күнге дейін қос команда 20 мәрте кездескен. Оның небәрі 6-ауында «Барыс» басым түссе, қалғанында қарсылас басымдық танытқан.

Бүгінгі кездесуде «Барыс» тәп-тәуір бастаған еді. Ойынның 7-минутында елордалық Никита Михайлис есеп ашса, одан кейін 19-минутта оның әріптесі Корбан Найт есепті үстемелей түсті.

Ал 20-минутта «Локомотив» сапынан Антон Ландер есеп айырмасын қысқарта түсті. «Барыс» хоккейшісі Дастин Бойд мергендік танытты. Осылайша елордалық клуб 3:1 есебімен алға шықты. Дегенмен одан кейін ресейлік клуб сапынан 31-минутта Рушан Рафиков, 45-минутта Стефан Да Коста гол соғып, нәтижесінде таразы басын теңесті. Негізгі кезең 3:3 есебімен тең аяқталды. Овертаймда Антон Сагадеев жеңіс шайбасын соқты. Осылайша «Барыс» қарсыласынан 4:3 есебімен басым түсті. Айта кетерлігі, соңғы төрт кездесуде елордалық клуб «Локомотивті» жеңе алмй жүрген еді.

«Барыс» енді елордада 14 қаңтарда Ресейдің «Салават Юлаев» (Уфа), 16 қаңтарда «Металлург» (Магнитогорск) командаларын қабылдайды.

Бұдан бұрын «Барыс» елордада Ресейдің «Авангард» клубынан 0:3 есебімен жеңіліп қалды.

Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай