Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 376.42
EUR 417.41
RUB 6.09
CNY 54.54

ҚХЛ: «Барыс» сырт айдында «Сочиді» ұтты

2019 жылдың 7 желтоқсан 2019 23:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚХЛ-дың кезекті матчында «Барыс» Сочиде жергілікті клубпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл ойында елордалықтардың қақпасын Қазақстан құрамасының мүшесі Хенрик Карлссон қорғады.

Бірінші кезеңде есеп ашылған жоқ.

Екінші кезеңде 23-минутта сан басымдылығын пайдаланған «Барыстың» капитаны Даррен Диц командасын алға шығарды. Екі минуттан соң Роман Старченко есепті 2:0-ге жеткізді. Дегенмен 28-минутта айдын иелерінен Павел Макаренко есепті қысқарта алды.

Екінші кезең соңына таман өте дөрекі ойнаған «Сочидің» капитаны Алексей Петров матчтың аяғына дейін айдыннан қуылды. Елордалықтар бес минут бойы сан басымдылығымен ойнап, мұны үшінші кезеңде сәтті пайдалана білді. Әуелі «Барыстың» сұрмергені Р.Старченко осы матчтағы екінші голын соқса, жарақатынан айығып оралған канадалық қорғаушы Джесси Блэкер 4:1-ге жеткізді. Бұдан кейін Андрей Скабелканың шәкірттеріне осы есепті сақтап қалу қиынға түскен жоқ.

Осылайша ұпай санын 44-ке жеткізген «Барыс» ҚХЛ-дың жалпы кестесінде алтыншы, Шығыс конференциясында үшінші орынға көтерілді. Елордалықтар үшін аса маңызды кездесу 9 желтоқсан күні болмақ. Осы күні олар сырт айдында «Авангардпен» кездеседі. Омбылықтар 48 ұпаймен Шығыс конференциясында елордалықтардың алдында, екінші орында келеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Барыстың» Сочиге аттанғанын жазған болатынбыз.

Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай