Ауа райы
Нұр-Сұлтан 21 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 382.38
EUR 428.30
RUB 5.97
CNY 55.39

ҚХЛ плей-офф кезеңі: «Барыс» - «Торпедо» матчын қашан және қайдан көруге болады

2019 жылдың 8 наурыз 2019 11:38 928

АСТАНА. ҚазАқпарат - Құрлықтық хоккей лигасы плей-офф кезеңінің алтыншы матчында Астананың «Барысы» сырт алаңда Нижний Новгородтың «Торпедосымен» ойнайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Кездесу 8 наурыз күні Астана уақытымен 20:00-де болады. Ойынды «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді.

Кездесу Нижний Новгородтағы 5 600 көрерменге арналған «Нагорный» стадионында болады.

Айта кетейік, дәл қазір осы сериядағы жалпы есепте Қазақстан клубы 3:2 есебімен ұтып келеді.

 

 

Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай