Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Киев орталығында болған жарылыстың себебі анықталды

2019 жылдың 23 қазан 2019 16:12

КИЕВ-УКРИНФОРМ. ҚазАқпарат –Киев орталығында болған жарылыстың алдын ала себебі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Укринформға сілтеме жасап.

Киевтің Пушкинская көшесіндегі жарылысқа гранатаны ұқыпсыз пайдалану негізгі себеп болуы мүмкін. Бұл туралы Киев полициясының басшысы Андрей Крищенко айтты

Крищенконың айтуынша жарылыс салдарынан көз жұмған адамдар өзара таныс болған. Олар жарылыс болған Пушкинская көшесіндегі кеңсенің жанында әңгімелесіп тұрған.

Сондай-ақ, марқұмдарға ешкімнің жақындамағанын және кикілжіңнің болмағанын көрсететін бейнекамера жазбалары мен куәгерлер бар.

«Біз оқиға орны мен кеңсе ғимаратын тексеріп, ішімдік қалдықтарын таптық. Қаза тапқандардың бірінің тұрғылықты мекенжайын тінту барысында граната тұтандырғыш табылды», - деді Крищенко.

Құқық қорғаушылар Украина Қылмыстық кодекісінің 115-бабы 2 бөлігі бойынша іс қозғап, тергеп жатыр.

Басты сөздер: Әлем, Украина,
Жоғары қарай