Ауа райы
Нұр-Сұлтан 16 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Киевте қыз баланы құтқарып қалған Ұлттық ұлан сержанты марапатталды

2019 жылдың 31 наурыз 2019 13:50 1024

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Украина астанасы Киевте баланы аман алып қалған Ұлттық ұлан сержанты Алексей Кудиенко «Бауыржан Момышұлы. Батыр шапағаты» медалімен марапатталды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы  «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің басшысы,  майор Данара Баймағанбетова мәлім етті.

«Сержант Алексей Кудиенконы бірінші болып ардагерлер марапаттады. 6506 әскери бөлімінің командирі, Халық Қаһарманы полковник Қайрат Үмбетов жеке қабылдауы кезінде сержант Алексей Кудиенконы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы Ардагерлер кеңесінің қаулысымен берілген «Бауыржан Момышұлы. Батыр шапағаты» медалімен марапаттады», - деп хабарлайды Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.

«Сержан Кудиенко демалыс кезінде ер азаматқа тән ерлік жасады. Қолбасшылық пен бүкіл жеке құрам оның іс-әрекетін жоғары бағалайды. Біз онымен мақтанамыз. Оның үлгісі бойынша біз жас сарбаздарымызды, болашақ ұрпақты тәрбиелейтін боламыз», - дейді полковник Қайрат Үмбетов.


null 

Еске сала кетсек,  Шымкент қаласының тұрғыны Алексей Кудиенко Киевтегі әуежайда кішкентай қыз баланы өлімнен құтқарып қалғанын бұған дейін жазған болатынбыз.

Кейін Киев әуежайында кішкентай баланы құтқарып қалған жігіт ҚР Ұлттық ұланының сержанты болып шыққаны белгілі болды.

«Кудиенко Алексей Александрович 2010-2017 жылдары Шымкент қаласындағы 6506-әскери бөлімшеде қызмет еткен. Ол материалдық-техникалық қамтамасыз ету ротасының автомобиль взводының аға жүргізушісі болған. 2017 жылдың тамызынан бері Алматы қаласындағы аппаратураларды жөндеу және байланыс өңірлік орталығының маманы болып жұмыс істейді», - деп мәлімдеді ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі.

Алексей Кудиенконың ерлігі жалпақ жұртқа мәлім болғаннан кейін сержанттың жары Вера оқиғаның қалай болғанын айтып берген еді.



null 

 

 

 

 

Автор: Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Әскер, Оқиға,
Жоғары қарай