Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

ҚҚДИ Басқарма төрағасының жаңа орынбасары таныстырылды

2020 жылдың 11 қаңтар 2020 13:54

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Рухани Жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ Басқарма төрағасы Кемелбек Ойшыбаев ұжымға жаңа орынбасарды таныстырды. Бұл қызметке Артур Нығметов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат kipd.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Артур Нығметов 2007 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірді, бір жылдан кейін Мәскеу саяси зерттеулер мектебін аяқтады. Шведтік SIPU International мемлекеттік және муниципалдық басқару институтында тағылымдамадан өтті.

Бұқаралық ақпарат құралдарында, медиакорпорацияларда жұмыс тәжірибесі бар.

Әр жылдары «Медиалық технологиялар орталығы» жеке қорының директоры, Орталық коммуникациялар қызметінің басшысы, Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі болып жұмыс істеді.

«Үздік публицист» номинациясы бойынша жыл сайынғы «Халық сүйіктісі» қоғамдық сыйлығының лауреаты, «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.


Автор Руслан Ғаббасов
Басты сөздер: Тағайындау,
Жоғары қарай