Ауа райы
Нұр-Сұлтан 13 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

ҚКХП өз кандидатын қолдау үшін спорттық акция өткізді

2019 жылдың 25 мамыр 2019 19:44 748

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның коммунистік халық партиясы өз кандидатын қолдау үшін Нұр-Сұлтан қаласының орталық саябағында «Болашақ бізден басталады» атты ауқымды акция өткізді. Бұл жөнінде партияның баспасөз қызметі хабарлады.

Шара шеңберінде саламатты өмір салты насихатталып, жүгіру марафоны ұйымдастырылды.

Марафонға ҚКХП ОК хатшысы, Парламент Мәжілісіндегі «Халық коммунистері» фракциясының-республикалық сайлауалды штабтың жетекшісі Айқын Қоңыров бастаған партия активі, ҚКХП Қазақстан Коммунистік Жастар одағының белсенділері, еріктілер мен спортсүйер қауым, ҚКХП атынан кезектен тыс президент сайлауына қатысып жатқан үміткер Жамбыл Ахметбековтың үгіт-насихат тобы мен қала тұрғындары қатысты.

Жүзден астам адам сап түзеп, бір мезетте жаттығу жасады, ұрандады. Жаппай жүгіруге қатысқан адамдар Қазақстан Коммунистік Халық партиясына назар аудартып, бұқараны ҚКХП үміткерін қолдауға шақырды.

Іс-шара барысында орталық саябақта ҚКХП-ның байрағы желбіреп, демалушыларға үміткердің баннерлері мен плакаттары көрсетілді. Үгіт парақтары таратылып, сайлауалды тұғырнама түсіндірілді.

 

 

 

Жоғары қарай