Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 414.13
EUR 451.40
RUB 5.80
CNY 58.03

Климатты құтқару үшін ұшақтан бас тарту керек пе

2020 жылдың 20 ақпан 2020 18:34

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Климатты құтқару үшін ұшақтан бас тарту керек пе? Мамандар осы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

«Демалысты шет елде өткізетін немесе басқа мемлекеттерге жұмыс бабымен жиі баратын адамдар ұшақсыз өмірін елестете алмайды. Дегенмен, олар ұшақтардың көміртек көлемін көбейтетінін білмеуі де мүмкін. Ал бұл олқылықты қалай жоюға болады?», - деп жазады ВВС.

Автордың жазуынша, адамның тамақтануы да, сатып алатын азық-түліктері де, тіпті, сапарға шығуы да ауаға парник газын шығарады.

«Жаһандық CO 2 қалдығының 2,4%-ы авиация саласына тиесілі. Ал жалпы ұшақ өндірісі мен басқа газдарды есептегенде бұл жаһандық жылынудың 5 пайызына жетеді. Бір қарағанда, бұл өте көп емес сияқты», деп жазады автор.

Оның айтуынша, әлем халқының 3 пайызы жиі ұшады. Яғни, ұшақтар шығаратын зиянды қалдық жылдан жылға артып барады.

«2013 жылдан бері қарай ұшақтардан шыққан зиянды қалдықтар 32 пайызға көбейген. Ал 20 жылдың ішінде әуе қатынасының жолаушылары екі есе артады деген болжамды ескерсек, бұл тағы да көбейе түседі», - дейді басылым.

Автордың айтуынша, адамдарға аз ұшуды ұсыну оларды қорқытуы мүмкін. Дегенмен, адамның қолынан келетін мүмкіндіктер де бар.

«Мысалы, ішкі рейстердің орнына пойызбен жүруді таңдауға болады. Автобуспен сапарлау да оған балама амал. Жер көлігі арзан, ал ішкі рейс кезінде уақытқа да үнем болады. Осы ретте Қытайдың жоғары жылдамдықты темір жол желісін дамытып жатқанын атап өту керек. АҚШ-та, Еуропада да бұл дамымай жатқан сала», деп жазады автор.

Оның айтуынша, егер бұл альтернативаға келіспеген жағдайда, әуе компаниясының жаңа ұшақтар шығарған рейстеріне басымдық берілуі керек.


Автор Айкүміс Болатбек
Басты сөздер: Экология, Әлем,
Жоғары қарай