Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Қоғамдағы өзекті мәселелерді шешу жолдарын білеміз - Президент

2019 жылдың 12 маусым 2019 13:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қоғамдағы өзекті мәселелерді айқын көріп отырмыз. Бұл туралы Тәуелсіздік сарайындағы ұлықтау рәсімінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Менің сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарым - бұл үлкен міндеттің алдындағы халықпен кеңесу болды. 2019 жылдың 13 мамырында #BIRGE жалпыхалықтық акциясы басталды. Оның басты мақсаты - ел дамуындағы ең маңызды міндеттерді анықтау. Қазақстанның барлық аймақтарынан түрлі ұсыныстар жиналды. Бүгінге дейін 540 мыңға жуық ұсыныс-тілек келіп түсті», - деді Президент.

Осы орайда Мемлекет басшысы #BIRGE акциясына қатысып, азаматтық белсенділік танытқан барша халыққа шын жүректен алғысын айтты.

« Енді біз қоғамдағы өзекті мәселелерді айқын көріп отырмыз. Оның шешу жолдарын білеміз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жоғары қарай