Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 385.16
EUR 425.95
RUB 6.01
CNY 54.51

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы: гепатитті қалай жұқтырмауға болады?

2019 жылдың 4 тамыз 2019 12:22

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Гепатит қандай ауыру, оның симптомдары қандай, онымен қалай күресуге болады. ҚазАқпарат осы мәселеге байланысты Қоғамдық денсаулық сақтау орталығының мәліметтерін ұсынады.

Вирустық гепатит – бұл A, B, C, D және E вирустық гепатиттің біреуін тудыратын бауыр қабынуымен сипатталатын жұқпалы ауру. Бұл вирустар түрлі жолмен беріледі:

А және Е гепатиті – вируспен ластанған азық-түлік пен су арқылы, сондай-ақ тұрмыстық байланыс кезінде адамнан адамға жұғады;

В және С гепатиті – жұқтырылған қан арқылы, жыныстық қатынас кезінде және жүктілік кезінде анадан балаға жұғады;

D гепатиті – бұл вирус жекеше адамға жұқпайды, ол тек В гепатиті болған кезде дамиды.

Аталған барлық вирустар жіті гепатитті тудырады, оның салдарынан тәбет жоғалады, дене қызуы көтеріліп, терінің сарғаюы және шелдің пайда болуы сияқты белгілер дами бастайды.

В және С гепатиттері созылмалы түрге ауысып, бауыр циррозы мен обырына әкелуі мүмкін.

Гепатит инфекциялары бүкіл әлемде таралған. Созылмалы инфекциялар 57% жағдайда бауыр циррозына және 78% жағдайда бастапқы бауыр обырына әкеледі.

Қазақстандағы сырқаттанушылықтың көпжылдық динамикасының талдауы, А және В жіті вирустық гепатиттеріне қарсы жоспарлы иммундаудың нәтижесінде, соңғы 20 жылда жіті вирустық гепатиттермен сырқаттанудың тұрақты төмендеуі байқалатынын көрсетті.

Жыл сайын республика бойынша жіті вирустық гепатиттің шамамен 1000 жағдайы және созылмалы вирустық гепатиттің 5000 – 6000 жағдайы тіркеледі. Сырқаттанушылық республиканың барлық өңірлерінде тіркелген.

Гепатитті жұқтырмау үшін, келесі қағидаларды сақтау қажет:

А және В гепатитіне қарсы вакцинация алу қажет. Сапалы таза су ішіп, көкөністер мен жеміс-жидектерді мұқият жуып, термиялық өңдеуден өткізу қажет. Осылай В гепатитін жұқтырмауға болады.

Микроскопиялық мөлшерде қан ұстарада, тіс щеткасында, тырнақ алатын қайшыда қалып кетуі мүмкін. Бұл заттарды бөгде адамдарға беруге болмайды. Стерильденбеген құралдармен пирсинг және татуировка жасатпаған жөн. Жыныстық қатынас кезінде сақтану шараларын қабылдау қажет.

А және Е гепатитінің инфекциясын қауіпсіз азық-түлікпен, зарарсызданған сумен қамтамасыз ету және жұқтырылған адамнан оқшаулану арқылы болдырмауға болады;

А, В және Е гепатитін – халыққа вакцинация жүргізу арқылы;

В және С гепатитін – донорлық қанды тексеру, стерильдік инъекциялық жабдықпен жарақтану және инфекциялық бақылау арқылы қамтамасыз етуге болады.

Жыл сайын, 28 шілдеде әлемнің көптеген елдерінде, соның ішінде Қазақстанда халыққа гепатит түрлерінің қаупі туралы ақпарат беруді арттыруға және азаматтарды диагностика, вакцинация сияқты профилактикалық шаралар қабылдауға тартуға бағытталған Дүниежүзілік гепатитпен күрес күні атап өтілетінін еске саламыз.

Басты сөздер: Қоғам, Медицина,
Жоғары қарай