Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 376.42
EUR 417.41
RUB 6.09
CNY 54.54

Көкшетауда науқас қызға көмектесу үшін қайырымдылық концерті өтті

2019 жылдың 8 желтоқсан 2019 12:25

КӨКШЕТАУ. КАЗИНФОРМ - Көкшетауда ауыр дертке шалдыққан қызға көмектесу үшін полиция қызметкерлері қайырымдылық концертін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«15 жастағы Әспет Қожахметова ән айтумен және би билеумен айналысты, тіпті, мұқтаж жандарға көмектесуге құштар болды. Алайда, ағымдағы жылдың наурыз айында жасөспірім ауыр дертпен күресуді бастайды. Дәрігерлер оған «қатерлі ісік» диагнозын қойды. Қазіргі таңда Әспет Германияда құны 50 мың евро тұратын қымбат отаға мұқтаж», - дейді ведомстводан.

Тәртіп сақшылары жасөспірімге көмекке қолын созу мақсатында қайырымдылық концертін ұйымдастырды. Көздеріне жас алған қыздың туысқандары қиын уақытта қолдау білдіріп, көмектескен полиция қызметкерлеріне шынайы алғыстарын білдірді. Бір ғана концерт билетінен барлығы 300 мың теңге ақша түсті. Бұдан бөлек, шара барысында 60 мың теңге қаржы жиналды. Жиналған қаржының барлығы Әспеттің арнайы есеп-шотына аударылды.




Концертті ұйымдастырушы Ақмола облыстық ПД Кадрлық жұмыс басқармасы қызметкерлерінің айтуынша, бұл полиция қызметкелері ұйымдастырып отырған алғашқы қайырымдылық шарасы емес, осыған дейін де көмекке зәру біраз балаға қайырымдылық көмек көрсетілген.

Автор Аслан Оспанов
Басты сөздер: Ақмола облысы, Қоғам,
Жоғары қарай