Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 388.70
EUR 428.70
RUB 6.08
CNY 55.46

Көкшетауда полицияның заманауи учаскелік пункті ашылды

2019 жылдың 14 маусым 2019 23:45

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда полицияның заманауи жаңа учаскелік пункті ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, жаңа нысан медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасы ғимаратында ашылып отыр.

Шараға ҚР Парламенті Мәжілісі мен Ақмола облыстық мәслихаттың бұрынғы депутаты, облыстық аурхананың бұрынғы бас дәрігері, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің медицина факультеті кафедрасының меңгерушісі Серік Аяғанов, облыстық аурхананың бас дәрігері Нұрлан Жаров, Ақмола облыстық Полиция департаментінің бастығы, генерал-майор Берік Біләлов пен қалалық және аудандық бөлімшелердің басшылары қатысты.



null

«Жаңа учаскелік пунктегі полицейлер әкімшілік аумақтағы 17 мың тұрғынға бақылау жүргізе алады. Онда таңғы сағат 09:00-ден түнгі 01:00-ге дейін учаскелік инспектор, полицияның ювенальды және криминалды қызметкерлерінен құралған 7 тәртіп сақшысы жұмыс істейтін болады. Учаскелік пунктінің ашылуы сол аумақта қоғамық тәртіп бұзушылықты алдына алып, дер кезінде әрекет етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, емдеу мекемесі аумағында жол қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бұған дейін аталмыш аумақтар № 1 және №7 полицияның учаскелік пунктеріне қарады. Енді жергілікті тұрғындар өтініштерін алысқа бармай осы жерде қалдырып, полицияның көмегіне жүгіне алады», дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.



null

Кабинет заманауи компьютер, жиһаз және байланыс құралымен жабдықталған. Учаскелік пункті мен емдеу мекмесінің аумағына бейнебақылау камералары орнатылған. Бейнебақылау камераларындағы мәліметтер Жедел басқару орталығына түсіп отырады. Осылайша,полиция қызметкерлері жаңадан ашылған полицияның учаскелік пунктінің аумағын тәулік бойы бақыламақшы.



null

Айта кетейік, қазіргі кезде Көкшетау қаласы аумағында 10 полицияның учаскелік пункті жұмыс істейді. Оның бірі, Нұрлы көш кентінде орналасқан.



null

Автор Аслан Оспанов
Басты сөздер: Ақмола облысы, ҚР ІІМ,
Жоғары қарай