Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 389.34
EUR 428.78
RUB 6.05
CNY 55.45

Көкшетауда сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің көрмесі өтеді

2019 жылдың 10 қазан 2019 05:15

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру шеңберінде «Шеберлер қаласы: ата-бабамыздың мұрасын сақтаймыз және дамытамыз» облыстық сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің көрмесі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өтетін шара 2019 жылғы қазанның 10-ы күні сағат 10:00-ге жоспарланып отыр.

Көрмеге қосымша білім беру ұйымдарының және жалпы білім беретін мектептерінің 11-17 жас аралығындағы мектеп оқушылары мен олардың жетекшілері, Суретшілер Одағының өкілдері, өнер сүйер қауым, БАҚ өкілдері қатысады.

Жеңімпаздар «Жарамсыз материалдардан жасалған бұйым», «Табиғи материалдардан жасалған бұйым», «Тұрмысқа арналған креативті бұйымдар», «Ұлттық колориті бар интерьердің ерекше дизайн-жобасы: үйдің, бөлменің, саяжайдың, ландшафтының және т.б.», «Матадан жасалған бұйымдар (құрақ техникасы, жұмсақ ойыншық және т.б.)», «Өңірдің көркемдік және халықтық қолөнері» тәрізді алты аталым бойынша анықталып, ең таудаулысы ағымдағы жылдың 2-3 қарашасы аралығында Шымкент қаласында өтетін республикалық байқауда бақ сынайтын болады.

Жоғары қарай