Ауа райы
Астана 30 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 384.39
EUR 431.71
RUB 6.11
CNY 55.88

Көкшетауда жауынгерлік өнер фестивалі өтті

2019 жылдың 18 маусым 2019 09:35 625

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда ұлттық жауынгерлік өнер фестивалі өтті: облыс орталығы спорттық флеш-мобды қабылдаған 11-ші қала болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Ұлттық жауынгерлік фестиваль осымен Қазақстанның 11 аймағында өткізілді. Эстафета 7 мамыр күні Шымкенттен бастау алды. Екі ай бойы флеш-моб еліміздің 17 аймағын біріктіріп, 6 шілде күні елордадағы гранд-фестивальмен аяқталады», - деді Ақмола облысы Денешынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большина.

Ведомствоның хабарлауынша, Көкшетауда өткен ұлттық жауынгерлік өнер фестиваліне әр аймақтан келген 12 федерацияның жауынгерлері қатысқан. Грепплинг, каратэ, қол күресі, муай-тай, джиу-джитсу, панкратион, қазақ күресі, ушу, дзюдо т.б спорт түрлері бойынша 300-ден астам жауынгер өз өнерлерін көрсетті. 

«Бүгінгі таңда Ақмола облысында 10-нан астам түрлі секциялар, балалардың күш-жігерін дамытып қана қоймай, патриоттыққа, үлкендерге құрмет, кішілерге ізет көрсетуге баулитын шығыс жекпе-жек өнері бағытындағы тұтас федерациялар мен мектептер баршылық», - деді М.Большина. 

 

 

Басты сөздер: Ақмола облысы, Спорт,
Жоғары қарай