Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 386.77
EUR 427.26
RUB 6.00
CNY 54.56

Көкшетауда жол апаты кезінде 500 литр дизель жолға төгіліп қалды

2019 жылдың 25 тамыз 2019 00:43

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмолалық құтқарушылар абайсызда жерге төгілген 500 л дизель отынының жануына жол бермеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, апаттық-құтқару жұмыстары кеше түнде Көкшетау қаласындағы Науан Хазірет мешіті маңында жүргізілген.

«Назарбаев даңғылында келе жатқан жүк көлігі дөңгелегімен құдықты басып өткен. Ауыр салмаққа шыдамаған құдықтың қақпағы аударылып, автокөліктің жанармай құятын багын тесіп жіберді. Салдарынан 500 литр дизель отыны 50 шаршы метр аумаққа төгілген», - деп мәлім етті ведомстводан.

Құтқарушылардың айтуынша, төтенше жағдайдың алдын алу үшін барлық шаралар жасалған. Олар оқиға орнына көбік жаудырды. Зардап шеккендер жоқ.

Жүк көлігінің рөліндегі Беларусь азаматы тез арада көмекке келген құтқарушыларға алғыс айтты.









Перевод Жанат Қапалбаева
Басты сөздер: Оқиға, Ақмола облысы,
Жоғары қарай