Ауа райы
Нұр-Сұлтан 17 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 380.56
EUR 430.15
RUB 6.02
CNY 55.55

Көкшетаудағы ЖОО ұжымы елорда атауының Нұр-Сұлтан деп өзгертілуін қолдауда

2019 жылдың 24 наурыз 2019 16:34 1036

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін Астана қаласына беру туралы тарихи шешімді бірауыздан қолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Бұл туралы жоғары білім ордасында өткен іс-шарада айтылды.  Іс-шарада білім ордасының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері  елорда атауының Нұр-Сұлтан деп өзгертілуін жылы қабылдап, Елбасы туралы өз пікірлерін айтты.

Оқу ордасының проректоры Аманай Сейтқасымов және «Жас Отан» жастар қанатының жетекшісі Құрманбек Әділет Елбасының тәуелсіз мемлекет құру жолындағы ерен еңбектері мен оның осы жолдағы атқарған игі істерін айта келіп, Ұлт көшбасшысының бараша қазақ елі үшін қосқан үлесі зор екеніне тоқталды.

«Бүгінде Елбасымыздың көреген де сарабдал саясатының арқасында жаңа тәуелсіз мемлекет құрылып, табысты жетістіктерге жетті. Қазақ елін  барша әлем танып отыр. Мәңгілік еліміздің жүрегі болып табылатын Астана қаласының атауы Нұр-Сұлтан болып өзгертілуіне толық негіз бар, әрі келешек ұрпаққа үлкен мәртебе деп білеміз», - деп атап өтті Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің проректоры Аманай Сейтқасымов.

Жоғары қарай