Ауа райы
Нұр-Сұлтан 20 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 378.83
EUR 430.99
RUB 6.04
CNY 55.05

Көкшетауды су басу қаупі жоқ - Ақмола облыстық ТЖД

2019 жылдың 31 наурыз 2019 19:28 841

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақмола облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті Көкшетау қаласын су басу қаупі жоқ екенін хабарлайды. Бұл мәліметті Фейсбуктегі парақшасында Ақмола облысы әкімінің орынбасары Марат Иғали бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2019 жылдың 31 наурызы сағат 18:00-дегі жағдай бойынша ақпаратпен бөлісе кетейін. Ақмола облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті Көкшетау қаласын су басу қаупі жоқ екенін, тәулік бойы жедел штаб Ақмола облысындағы су тасқыны жағдайына талдау жүргізіп отырғанын хабарлайды», - деп жазды Марат Игали.

Оның жазуынша, талдау жұмыстарына сәйкес, Иванов тоғанына келіп жатқан су көлемі 10 сантиметрге төмендеген. Көкшетау қаласындағы Қылшақты өзенінің саласында су деңгейі 80 сантиметрге азайған.

«Кенесары және Иванов тоғандарын және Көкшетау қаласындағы Қылшақты өзенінің саласын бақылап отыратын бекеттер қойылды. Жағдайды тұрақтандыру үшін 258 адам мен 20 арнайы техника жұмылдырылып отыр», - дейді Марат Иғали.

Еске сала кетсек, бүгін таңертең Ақмола облысының Бурабай ауданында ағын су Кенесары су қоймасын бұзып кеткен болатын. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Манарбек Шапағатовтың айтуынша, төтенше жағдай наурыздың 31-інде таңғы сағат 04:25 шамасында болған.  Еріген қар суы мен жаңбырдан Кенесары су қоймасындағы судың деңгейі көтерілген. Осының салдарынан су бөгеттің (ұзындығы 30 метр, биіктігі 4 метр) аумағын бұзып кеткен.

 

 

Автор: Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Су тасқыны, Ақмола облысы,
Жоғары қарай