Ауа райы
Нұр-Сұлтан 23 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 382.38
EUR 428.30
RUB 5.97
CNY 55.39

Көкшетаудың «Арланы» елордалық «Номад» командасын ұтты

2019 жылдың 25 наурыз 2019 21:51 1035

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетаудың «Арлан» ХК өз айдынында нұр-сұлтандық «Номад» командасын ұтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан чемпионатының плей-офф кезеңінде өзара өткен 5 ойында айдын иелері анық басымдық танытты. Алғашқы минуттан шабуылға шыққан арландықтар Демагин, Ермолев және Гасниковтың салған шайбаларынан бірінші таймды 3:0 есебімен аяқтады.

Үзілістен кейін қонақтар сәл естерін жиған сияқты болды. Алайда, «Арлан» ойыншысы Клемешов қарсыластар қақпасынан саңылау тауып, таблодағы есепті еселей түсті. Қонақтар тарапынан Королинский қарыпта бір гол салып есеп айырмасын қысқартуға мүмкіндігі жетті.

Ал, шешуші 20 минутте де ойын екінші таймдағыдай өрбіді. Қос команда жинақы ойын өрнегін көрсетіп, қарсы шабуылдауға тырысып бақты. Нәтижесінде Демагин мен Гуриннің соққан шайбалары қақпа торында тулап, кездесу 5:2 есебімен айдын иелерінің маңызды жеңісімен аяқталды.

Осылайша, жалпы бес кездесуде 3:2 есебімен жеңіске жеткен «Арлан» хоккейшілері плей-офф-тың келесі кезеңіне шықты.



null

 

 

Жоғары қарай