Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Көкшетаулық мұғалім сынға алған мәселелердің біразы шешілген - министр

2019 жылдың 21 қазан 2019 15:56

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов білім жүйесіндегі олқылықтар туралы айтқан көкшетаулық мұғалім Әлия Ахетовамен кездесуі туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз онымен кездестік және өзі сынаған мәселелер бойынша толыққанды сөйлестік. Жалпы, арамызда жақсы диалог орнады. Бұл жұмысты әрі қарай да жалғастырамыз. Бұған дейін бірнеше өзекті мәселе бойынша министрліктің шара қабылдағанын айтқанмын. Мәселен, Ұлттық біліктілік тестінде мұғалімдерді металл іздегішпен тексеру, сұрақтардың сапасы және апелляция туралы сын болды. Бұл жүйенің өзгеретінін Тамыз конференциясында хабарлағанбыз. Қазір де өзгерісті бастап кеттік. Сондықтан, әріптесіміз көтерген мәселелердің біразы шешілген», - деп атап өтті министр бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, тарих пәнінің мұғалімі, көкшетаулық Әлия Ахетованың БАҚ-тардың біріне берген сұхбаты YouTube желісінде 3 қазанда жарияланды. Онда 38 жыл еңбек өтілі бар педагог жаңартылған оқу бағдарламасын, оқушылардың білімін бағалау жүйесін және сыбайлас жемқорлықпен күрес жұмыстарын сынға алды.

Кейін ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қоғамда қызу пікірталас тудырған аталмыш сұхбатқа қатысты түсінік білдірді.

«Достар! Соңғы күндері тарих пәнінің мұғалімі Ә.К.Ахетованың видеосұхбаты кеңінен таралып жатыр. Аталған роликте көтерілген мәселелер қоғам тарапынан қызу талқылануда. Дәл қазір бұл материалдың мазмұнына қатысты ешқандай баға бермеймін. Ең бастысы, кез келген мұғалім мен ата-ана өз пікірін ашық білдіруге құқылы екенін түсіну – маңызды. Ал біздің міндетіміз - осы ұсыныстар мен ескертулерді назарға алу», - деп жазды министр Facebook-тегі өз парақшасында.

Жоғары қарай