Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 431.03
EUR 471.76
RUB 5.85
CNY 61.32

Көктайғақ: Өскеменде автобус бағдаршам бағанасына соғылды

2020 жылдың 28 ақпан 2020 12:51

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында көктайғақ салдарынан автобус бағдаршам бағанасына барып соғылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық полиция басқармасының мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы бүгін таңертең Чехов пен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында болған. №3 бағыттағы автобус бұрылған кезде бағдаршам бағанасына соғылған.

«Зардап шеккен ешкім жоқ. Қозғалыс кезінде ауа райы жағдайын ескермеген қоғамдық көлік жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.


Жоғары қарай