Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 385.42
EUR 424.58
RUB 6.00
CNY 54.31

Көктөбе тағы да отқа оранды

2019 жылдың 12 тамыз 2019 16:24

АЛМАТЫ.ҚазАқпарат- Көктөбеде тағы да өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өрттің видеосы Instagram желісіндегі kris.p.almaty парақшасында жарияланды.




Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт сағат 13.52-де басталған.




«12 тамызда сағат 13:52-де Алматы қаласының Төтенше жағдайлар бөліміне Медеу ауданында таудың оңтүстік-батыс беткейінде құрғақ шөптің өртенгені туралы хабарлама түсті. Оқиға орнында Алматы қалалық ТЖД-нің жеке құрамы жұмыс істеуде. 34 адам және 6 бірлік техника мен «Алматы Тазалық» мекемесінің су таситын көлігі жұмылдырылды», хабарлады Төтенше жағдай департаментіндегілер.




Өз кезегінде, Қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері тәртіп пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етеді, сонымен қатар өрт сөндіру құралдарының өрт орындарына кедергісіз кіруін қамтамасыз етеді.




Өрт сағат 15:28-де ауыздықталды, жалын шарпыған аумақ 1 гектарды құрайды. Зардап шеккендер жоқ.








Жоғары қарай