Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

Қолайсыз ауа райына байланысты 10 учаскеде жол жабылды

2020 жылдың 18 ақпан 2020 17:02

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауа райының бұзылуына байланысты бірқатар жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, мына жолдар жабылды:

1. Жезқазған-Петропавл 138-565 шақырымы (Ұлытау–Знаменка)

2. Мамлютка-Қостанай 0-404 шақырымы (Мамлютка-СҚО)

3. Қостанай-Әулиекөл-Сұрған 7-260 шақырымы (Қостанай обл-Сұрған)

4. Екатеринбург-Алматы 555-917 шақырымы (Тобыл-Жақсы)

5. Қарабұтақ-Комсомол-Денисовка-Рудный-Қостанай 89-504 шақырымы (Комсомол-Рудный)

6. Денисовка-Жетіқара-Мықтыкөл-РФ 0-167 шақырымы (Денисовка–РФ)

7. Жезқазған-Петропавл 595-701 шақырымы (Ақмола облысы –Новоишимка)

8. Көкшетау-Рузаевка 102-196 шақырымы (Саумалкөл-Рузаевка)

9. Жақсы-Есіл-Бұзылық 64-80 шақырымы (Есіл–Бұзылық)

10. Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті 16-235 шақырымы (Нұр-Сұлтан–Павлодар облысы).

Республика жолдарында 732 арнайы техника жұмыс істеп жүр.

Барлық сұрақтар бойынша 1403 нөміріндегі байланыс орталығына хабарласуға болады.

«ҚазАвтоЖол» ҰК« АҚ жүргізушілерге жол ережесін сақтау, рұқсат етілген жылдамдықты асырмау, қауіпсіз қашықтықты сақтау қажеттілігі туралы ескертеді. Сонымен қатар, сапарға тек қысқы дөңгелектермен шығуға кеңес береді.


Басты сөздер: Оқиға, Ауа райы, Жол,
Жоғары қарай