Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Көлгінов LRT жобасы туралы: Орта жолдан қалай тоқтатамыз

2019 жылдың 17 шілде 2019 13:02

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Дамыған қоғамда адамдардың көбі қоғамдық көлікпен жүреді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әкімнің айтуынша, қазіргі таңда жобаны оңтайландыру арқылы құрылысы шығынын азайту бойынша жұмыс басталған.

«Қазірдің өзінде қаншама жұмыстар жасалып қойды. Бұл жоба – болашақтың жобасы. Ел астанасы әлі өсетіні анық. Бұрын қандай қалай еді, қазір қандай қала? Халқы осынша өсетінін ешкім болжай алған жоқ. Дамыған қоғамда адамдардың көбі қоғамдық көлікпен жүреді. Аспалы теміржол – соның бірі», - деді елорда әкімі бүгінгі жиыннан кейін журналистерге берген сұхбатында.

Ол сондай-ақ, жобаны қайта қарау кезінде Президент айтқан сынның бәрі ескерілетінін жеткізді.

«Сын айтылды. Енді соның негізінде жұмыс істейміз. Орта жолдан қалай тоқтатамыз? Халықаралық міндеттеме деген бар. Ең бастысы, құрылысты сауатты әрі сапалы етіп жолға қою керек. Ақшасы мен инфрақұрылымын нақты мамандар есептейтін болады. Жобаның құны қысқаруы мүмкін», - деді Алтай Көлгінов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Нұр-Сұлтан қаласында салынып жатқан LRT -ның құрылысы уақытша тоқтатылған болатын. Сонымен қатар, биыл көктемде Әлихан Смайылов елордада жеңіл рельсті көлік құрылысы (LRT) бойынша жоба жалғасын табатынын айтқан еді. Сондай-ақ, кейін LRT құрылысының қашан нақты аяқталатыны белгілі болды. Сондай-ақ, Президент LRT құрылысына нүкте қоюды тапсырды.

Перевод Есімжан Нақтыбай
Басты сөздер: Құрылыс, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай