Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 413.12
EUR 452.86
RUB 5.82
CNY 57.92

Көлгінов: Тұрғын үй кезегіндегілерге жалға берілетін баспана балаларына қалады

2020 жылдың 15 ақпан 2020 20:52

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда әкімі Алтай Көлгінов азаматтарды қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Тұрғындар тұрғын үй бағдарламаларына қатысу, медициналық көмек пен атаулы әлеуметтік көмек алу, жұмысқа орналасу және т. б. мәселелерді көтерді. Елорда әкімі Алтай Көлгінов жалға берілетін тұрғын үйді бес жылдан кейін қайтару қажет емес екендігін айтты. «Қолжетімді баспана - біз үшін басым бағыттардың бірі. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемін үш есе ұлғайтамыз. Өткен жылы 2900 тұрғын пәтер алды.

Жалға берілетін тұрғын үй туралы айтатын болсақ, үйді бес жылдан кейін босатудың қажеті жоқ.Үй сіздің балаларыңызға қалады. Тек 5 жыл өткен соң шартты ұзарту қажет. Ал жұмыс істейтін жастарға арналған жалға берілетін баспанаға келсек, бұл үйлер 5 жыл мерзімге беріледі. Осы уақыт ішінде жұмыс істеп жатқан жастар аяққа тұрып, басқа тұрғын үй бағдарламаларына қатысып не тұрғын үй сатып алу үшін тәжірибе мен қаражат жинай алады», - деді Алтай Көлгінов.
Елорда әкімі 3 күн бойы есептік кездесуге келген қала тұрғындарын жеке қабылдады. Сұрақтардың бір бөлігі сол жерде шешілсе, қалғандары жұмысқа алынды.

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Әкім, Тұрғын үй,
Жоғары қарай