Ауа райы
Нұр-Сұлтан 16 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 383.43
EUR 429.83
RUB 5.96
CNY 55.39

Көлігінің ұрланғаны туралы жалған хабар берген теміртаулық 7 жылға сотталуы мүмкін

2019 жылдың 19 наурыз 2019 21:51 851

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Құқық қорғау қызметкерлеріне көлігін жоғалтқаны туралы жалған хабар берген Теміртау тұрғыны жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

11-ші наурыз күні Теміртау қаласының Полиция басқармасына қарасты Ескі қалалық полиция бөліміне 33 -жастағы қала тұрғыны хабарласып, белгісіз біреулер жалпы құны 10 миллионнан астам теңге тұратын «Тойота Камри В2» автокөлігін ұрлап кеткендігі туралы шағымданған.

Ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелген.

17-ші наурыз күні полиция қызметкерлері көліктің иесін тапқан. Ол көлік жоғалғаны туралы полицияға жалған хабар берген адамның өзі болып шықты. Мұндай әрекетке ол көлігінің несиесін төлемеу мақсатында барған. Осы кезде аталған іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Облыстық Полиция департаменті Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 419 бабы 3 тармағы, яғни «Жалған ақпарат беру» бабы бойынша 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы берілетінін ескертеді.

 

 

Жоғары қарай