Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 377.19
EUR 408.99
RUB 5.93
CNY 54.02

Көлік қағып кеткен екі полицей ауруханаға түсті, біреуі ауыр халде - Жамбыл облысы

2019 жылдың 27 желтоқсан 2019 01:49

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында жол жиегінде тұрған екі полицейді автокөлік қағып кеткен. Олар ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі сілтеме жасап.

«Ағымдағы жылдың 25 желтоқсанында Жамбыл облысының Полиция департаменті патрульдік полиция батальонының қызметкерлері «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тас жолының 205-шақырымында Қордай ауданының Соғанды ауылы маңында жол шетіндегі жыраға аударылып кеткен «Хонда» маркалы көлігін көрген. Аталған жол-көлік оқиғасын ресімдеу барысында жол жиегінде тұрған полиция қызметкерлерін Тараздан Алматыға қарай бара жатқан «Ауди А6» маркалы автокөлігі қағып кеткен. 33 жастағы көлік жүргізушісі рульге ие бола алмаған»,-делінген ведомствоның хабарламасында.

Жол-көлік оқиғасынан кезінде аталған полиция департаменті ППБ-ның екі инспекторы зардап шеккен. Екеуі де Қордай ауданының орталық ауруханасына жатқызылған.

Бүгінде полиция аға лейтенанты Серік Ибраимов ауыр жағдайда, полиция аға лейтенанты Бақытжан Наурызбаев түрлі дене жарақаттарын алған. Қазіргі таңда оқиғаға қатысты Жамбыл облысы Полиция департаментінің жедел-тергеу тобы жұмыс жасауда.

«Құрметті көлік жүргізушілері! Оқыс оқиғаларды және осыған ұқсас ауыр салдары бар жол-көлік оқиғаларын болдырмау үшін аса ұқыпты және сақ болыңыздар, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігін тағы да естеріңізге саламыз! Өзіңіздің де, өзгенің де өміріне қауіп төндірмеңіздер», -дейді ПД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, мамандар қазіргі таңда облыс аумағында ауа-райының қолайсыздығын, көлік жолдарындағы көктайғақ жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндіретіндігін ескертеді.


Жоғары қарай