Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 385.42
EUR 424.58
RUB 6.00
CNY 54.31

Көмекке мұқтаж жандар мәселесі тікелей эфирде шешімін табады - Ұлттық арна

2019 жылдың 24 тамыз 2019 18:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Күзгі телемаусымда «Qazaqstan» Ұлттық арнасында әлеуметтік бағыттағы «Niet» бағдарламасы эфирге шығады,- деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақстан» РТРК» АҚ Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Екі сағат бойы тікелей эфирде өтетін жаңа бағдарламада көмекке мұқтаж жандардың мәселесі шешімін таппақ.

«Жобаның негізгі мақсаты – түрлі себептермен қиындыққа тап болып, тығырықтан шығар жол іздеген жандарға жәрдем беру. Онда ауқымды сарапшылар пулы құрылып, құқық қорғау органдары, Халыққа қызмет көрсету орталығы, қаржы, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік мәселелер бойынша өзге де ұйымдардың кәсіби мамандары тартылды. Бағдарламада психологиялық көмек түрлерінен бастап, қоғам қажеттілігі мен талқысындағы баспана, квота, бала асырап алу мәселелері бойынша нақты көмек шаралары қабылданады», - делінген хабарламада.

Әрбір хабар белгілі бір адамның, отбасының мәселесіне арналып, арнайы сарапшылардың ақыл-кеңесімен бағдарламаға берілген екі сағат ішінде шешімін табады.

Бағдарлама Гүлназ Әлімгерейдің жүргізуімен 9 қыркүйектен бастап дүйсенбі-жұма аралығында эфирге шығады.

Айта кетейік, күзгі жаңа маусымда «Qazaqstan» Ұлттық арнасынан 14 жаңа жоба эфирге шығады. Осыған дейін көрермен ықыласына бөленіп үлгерген 10 бағдарлама жаңаша форматта қайта ұсынылады.


Перевод Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: БАҚ, Қоғам,
Жоғары қарай