Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 414.13
EUR 451.40
RUB 5.80
CNY 58.03

Көңілдесіне берген 2 млн теңгені жасыру үшін полицияға арызданған әйел ұсталды

2020 жылдың 19 мамыр 2020 22:53

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат –Сайрам ауданында тұратын келіншек полицияға өзін тонап кетті деп жалған хабар берген. Ол көңілдесіне берген 2 млн теңгенің орнын күйеуінен жасыру үшін осындай қадамға барған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жәбірленуші оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобының қызметкерлеріне тонау қылмысы қалай жасалғанын айтып берген. Оның сөзінше, бетіне бетперде киген белгісіз тұлға үйіне кіріп оны байлап тастаған. Сөйтіп пышақпен қорқытып, екі миллион теңге ақшасын алып кеткенін айтқан.

Алайда аталған қылмысты ашу мақсатында қажетті жедел-іздестіру іс-шараларын жүрізген жедел уәкілдер оқиға орнынан тонаудың ешқандай нақты іздерін таппаған, Сосын бұл қылмыстың жасалғаны жалған деген болжам жасады. Жауап алу барысында жәбірленуші полицияға жалған ақпарат бергенін мойындаған.

«Тереу барысында сайрамдық келіншектің күйеуінен жасырып, көңілдесіне жиі ақша беріп отырғаны анықталғаны. Нәтижесінде ол екі миллион теңге жұмсап қойып, ақшаның жетіспеушілігін жасыруға тырысқан. Содан кейін, сүйіктісі екеуі жоспар құрып, «тонап кетті» деп жалған ақпарат беруді шешкен. Осылайша, көңілдес жігіт жоспарды орындау үшін жәбірленуші әйелді байлап, көзінен ұрған. Ал, күйеуі үйге келгенде, әйел оған тонаушылардың шабуыл жасағанын айтып, полицияға арыз түсірген» делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша ҚР ҚК 419-бабы «Көрінеу жалған сөз жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Автор Айнұр Ақбаева
Басты сөздер: Түркістан облысы, Оқиға,
Жоғары қарай