Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 432.55
EUR 470.83
RUB 5.84
CNY 61.31

Конор Макгрегор  қарсыласы Дональд Серронені 40 секундта нокаутқа жіберді

2020 жылдың 19 қаңтар 2020 15:13

ЛАС-ВЕГАС. ҚазАқпарат - Ирландиялық аралас жекпе-жек өнерінің шебері, екі жеңіл салмақ санатында бұрынғы әлем чемпионы Конор Макгрегор америкалық Дональд Серронені жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласында UFC 246 турнирі аясында өткен 5 раундқа жоспарланған жекпе-жек алғашқы раундтың 40 секундында аяқталды. Макгрегор қарсыласын техникалық нокаутқа жіберді. Осылайша 31 жастағы ирландиялық өзінің спорттың мансап жолындағы 22 жеңісіне қол жеткізді.

Айта кетерлігі, Конор Макгрегор 2018 жылдың қазанында ресейлік Хабиб Нурмагомедовтен жеңілгеннен кейін шаршы алаңға алғаш рет шығып отыр.

Ал Дональд Серроне болса, бұған дейін 36 мәрте қарсыласын сүріндірсе, енді 14-ші рет жеңілістің ащы дәмін татып отыр.


Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай