Ауа райы
Нұр-Сұлтан 22 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 382.38
EUR 428.30
RUB 5.97
CNY 55.39

Көпбалалы отбасыларға арналған пәтер құны қанша болады

2019 жылдың 5 наурыз 2019 18:17 1573

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында көпбалалы отбасыларға арнап салынатын пәтерлердің құны айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде әкімдіктерде 487 мың адам пәтер кезегінде тұр.  Оның ішінде 28 мың адамға Мемлекет басшысының тапсырмасымен 7 жылдың ішінде 42 мың пәтер салуымыз керек. Бұл, жылына 6 мың пәтерден салу деген сөз. Оған жылына 50 млрд теңге қаражат бөлінеді. 60 шаршы метрді құрайтын пәтердің болжамды бағасы  8 млн 400 теңгені құрайды. 1 шаршы метрі 140 мың теңгеден есептелінеді. Егер одан жоғары болса, жергілікті бюджеттен өтеледі», - деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов.

Оның атап өтуінше, бүгінде әкімдікте пәтер кезегінде көпбалалы аналарлармен қатар мүгедектер, мемлекеттік қызметшілер де тұр.

 

 

Жоғары қарай