Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 386.19
EUR 427.71
RUB 6.07
CNY 54.87

Кореяда жүргізуші куәлігінсіз жол апатына түскен қазақстандық елге оралды

2019 жылдың 11 қараша 2019 17:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның Чхоннан қаласында жүргізуші куәлігінсіз жол апатына түскен қазақстандық елге оралды. Бұл жайында бүгін брифинг барысында ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жол-көлік апаты Чхонан қаласында орын алған. Жеңіл көлікті басқарып келе жатқан қазақстандық жүк көлігіне соғылған. Оның жүргузші куәлігі болмаған. Қазіргі уақытта ол Қазақстан аумағында жүр. Ол жақта мәселе жүк көлігінің жүргізушісімен екеуара келісім арқылы шешілген. Біздің азаматымызға ешқандай шағым жоқ. Оны Оңтүстік Корея аумағында заңсыз жүргені үшін шығарып жіберді», - деді ресми өкіл.

Айбек Смадияровтың айтуынша, Қазақстан азаматына емделу және жүк көлігі жүргізушісінің шығындарын өтеуге Елшілік және сол жақта жүрген қазақстандықтар қол ұшын созған.

«Оған қажетті соманы жинап берді. Ол сол жақта ұзақ уақыт ем алды. Емделу сәтті өтті. Қазір Қазақстан аумағында, оның жағдайы жақсы»,- деді ол.

Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Оқиға, ҚР СІМ,
Жоғары қарай